Translated-text кәсіби деңгейде аударма жасау қызметін көрсететін интернет-агенттік болып табылады. Біз өз тапсырыскерлерімізбен және аудармашыларымызбен интернет арқылы қарым-қатынас жасаймыз. Сондықтан да, біздің жанама шығындарымыз өте аз, нәтижесінде біз сіздерге бәсекеге қабілетті баға ұсына аламыз.
Біз негізінен мына тілдер жұбымен жұмыс істейміз: ағылшыншадан орысшаға, орысшадан поляк тіліне, ағылшын тілінен қазақшаға, орысшадан қазақшаға.
Біздің кәсіби деңгейде аударма жасайтын, тәжірибелі аудармашыларымыз өз елдерінде тұрып жұмыс істейді. Бізге сеніп тапсырған аудармаларыңызбен, аударманың белгілі бір салалары бойынша көп жылдық тәжірибе жинақтаған нағыз кәсіби аудармашылар айналысады. Әр аудармашының өз кәсіптенген саласы бар, олардың ішінде техникалық сала, медицина, заң ғылымы және қаржы салаларын атап өтуге болады.
Біз заң ғылымы, техника, ғылым, іскерлік/қаржы, веб-сайттарды және басқа құжаттарды аудару саласы бойынша ағылшын тілінен қазақ тіліне, орыс, поляк тілдеріне аудару қызметін көрсетеміз. Сонымен қатар, кәсіпқой аудармашыларды тарта отырып, ауызша аударма жасау қызметін көрсетеміз. Біздің агенттік көрсететін басқа лингвистикалық қызметтердің түрін осы сайттың Қызметтер бөлімінен қараңыз.
Аударма жасау қызметімен айналысатын бізідң агенттіктің алдына қойған мақсаты: тапсырыскерлерге жоғары сапалы аударманы ұтымды бағамен жасап беру арқылы сенімдерін ақтау. Біз ағылшын тілінен орыс, поляк, қазақ тілдеріне өте жоғары деңгейде сапалы аударамыз.
Біз қалай жұмыс істейміз?
Біздің кәсіби аудармашыларымыз өз елдерінде тұрып жұмыс істейді
Біз берілген тапсырмаға сай, тапсырыскердің талаптарын қатаң ескере отырып жұмыс жоспарын жасаймыз
Аудармашыларды берілген тапсырманың ерекшеліктеріне ескере отырып, қатаң сұрыптаудан өткізіп таңдаймыз
Қатаң бақылаудан өткізілген аудармашыға тест аударма жасатамыз
Аударманы екінші аудармашы оқып шығады Тапсырыскерге мүлтіксіз аударылған, стильдік жағынан тексерістен өткізілген, қатесіз жасалған аударма жіберіледі





